"Бір жылға созылуы мүмкін". Министр "Қазақстан" шахтасындағы өрт туралы айтты

"Бір жылға созылуы мүмкін". Министр "Қазақстан" шахтасындағы өрт туралы айтты
Фото: Көрнекі сурет ©Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" кенішінің қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бөлісті. 

"Шахталардағы өртті сөндіру - ерекше процесс. Мұндай өртті сөндіру (Қазақстан шахтасындағы сияқты - еск.) оттегінің келуін шектеу арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты арнайы гипс бөгеттер салынып жатыр", - деді ол.

Министрдің айтуынша, мұндай бөгеттердің қалыңдығы бір метрден үш метрге дейін жетеді. Қазір 25 бөгет қойылған, алайда біреуінен жоғары температура мен газ деңгейі анықталды.

"Өртті осылай сөндіру көп уақытты алады. Бұл бір айдан бір жылға дейін болуы мүмкін. Сондықтан күту керек", - деді министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек