Ұлттық қордан балаға берілетін ақша қандай жағдайда туыстарына беріледі? Министр түсіндірді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қордан балаға аударылатын ақша қандай жағдайда туыстарына берілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысынан соң БАҚ өкілдері министрге "Бала 18 жасқа дейін қайтыс болса, Ұлттық қордағы қаражат оның ата-анасы немесе бауырларына беріле ме?" деп сауал жолдады.

Әлібек Қуантыров мәселе заң жобасында қарастырылғанын атап өтті.

"Алғашында біз тұжырымдаманы әзірлегенде ақшаны (Ұлттық қорға) қайтаруды көздейтін норма болды. Содан соң (бала қайтыс болған жағдайда Ұлттық қордан оған берілетін – автор) ақша ата-анасында қалады немесе сол отбасындағы басқа балалардың арасында бөлінеді деген шешімге келдік", - деді ол.

Сондай-ақ ведомство басшысы бұл ақшаны тек баспана алуға немесе жоғары білім алуға жұмсауға болатынын жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!