"Бәрі тосыннан болуы керек". Медеу Арынбаев екінші рет үйленуге дайын екенін айтты

"Бәрі тосыннан болуы керек". Медеу Арынбаев екінші рет үйленуге дайын екенін айтты
Фото: Видеоскрин

Әнші Медеу Арынбаев екінші рет үйленуге көзқарасы туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі алдағы уақытта жеке өмірінде жаңалық болатынына сенімді екенін атап өтті.

"Айгүл өмірден өткеннен соң алғашқы 4-5 жыл ауыр болды. Қазір "күні-түні зарлап жүрмін, сағыныш бар" деп айта алмаймын. Дәулетім мен Даянам бір жақты болса екен деймін. Одан кейін өмірлік жар болатын жан кездесіп жатса, ойланамын. Бір кездері өнерімнің бағалаушылары ма, өзіме ғашық жандар көп болды. Бірақ ол кезеңнен өттік. Жасандылықты жақсы көрмеймін. Маған бәрі тосыннан болу керек. "Алланың жібергені" деп таңғалып жатамыз ғой. Сол сияқты сценарийді күтіп жүрмін. 

Өмірімде үлкен бір қозғалыс, жаңалық болатынына сенемін. Бірақ қандай сәтте, қай кезеңде болатынын жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, таптым, іздеп жүрмін деп айтқаным келіспейді. Ол өзінен өзі болады. Қандай жан болады, қашан болатынын бір Алла біледі", - деді әнші. 

Ол келін түсіруге дайын екенін айтты.

"Ұлым Дәулет оқуын тәмамдады. Қазіргі таңда достарымен бірге жекеменшік жобамен айналысып жатыр. Оған араласпаймын. Жалпы келін түсіруге дайынмын. Оны ұлыма айтып та жүрміз.

Қызым Даяна бала кезінен спортқа, гимнастикаға жақын. Қазір өзінің спорттық би мектебін ашып, сабақ беріп жүр", - деді Медеу Арынбаев.

Еске салайық, бұған дейін Медеу Арынбаевтың әншілер туралы күтпеген мәлімдеме жасағаны туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: "Міржақып. Оян, қазақ!" қандай фильм?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы