"Димаш - үлкен ғұлама! Төреғали дүлдүл әнші емес". Медеу Арынбаев әншілер туралы күтпеген мәлімдеме жасады

"Димаш - үлкен ғұлама! Төреғали дүлдүл әнші емес". Медеу Арынбаев әншілер туралы күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: коллаж

Қазақстанның еңібек сіңірген қайраткері Медеу Арынбаев қазір орындаушылар көбейгенін айтты. Тіпті арнайы білімі жоқ өнер жұлдыздарының да бағы жанып тұрғанын жеткізді. Бұл туралы өнер иесі El kz ақпараттық порталының YouTube-тегі "Базарlike" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Медеу Арынбаевтың сөзінше, орындаушы бөлек әнші және вокалист бөлек. Бұл ұғымдарды шатастырмау керек.

"Әнші деген - феномен. Ол - үлкен атақ. Төреғали туралы сол кезде айтқаным хитке айналды. Ол - сахнада, жалпы эстрадада өзінің қоңыр үнімен, ақындығымен қалыптасқан тұлға. Мен оны адам емес демедім, жай ғана әнші емес дедім. Бірақ Төреғали дүлдүл, бұлбұл әнші емес дегенім. Ол әнді жеткізе алады" , - дейді Медеу Арынбаев.

Әнші вокалист пен орындаушының ара жігін ажыратып алу маңызды екенін айтты.

"Бұл - үлкен ғылым. Әнші кім, вокалист кім? Бірақ әншілер сол дауыстарын пайдалана алмай, әннің мағынасын аша алмайды. Жүрекке жеткізе алмайды. Оған музыкалық қабілет тағы қосылуы керек. Ал Димашқа келер болсақ, оның дауысы да, әні де, вокалы да бар. Оның болашақта бағындырар белесі көп. Димаш - үлкен ғұлама, ол - бізге тылсым жаңалық" , - дейді өнер иесі.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы