Павлодар облысында ішіп алып көлік айдаған мектеп директоры жұмысынан босатылды

Павлодар облысында ішіп алып көлік айдаған мектеп директоры жұмысынан босатылды
Фото: Tengrinews.kz

Павлодар облысында ішіп алып көлік айдаған мектеп директоры жұмысынан босатылды, ол сонымен бірге жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотында мас күйінде көлік жүргізген ауыл мектебі директорына қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Ер адам өзінің кінәсін жоққа шығарғанына қарамастан, оның жасаған әрекеті  сот-медициналық сараптаманың қорытындысы және полиция қызметкерінің жетонындағы бейнежазбамен дәлелденді. Сот оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қолданды.

Іс материалдары бойынша, Павлодар ауданындағы мектептерінің біріндегі директоры масаң күйде рөлге отырғаны белгілі болды. Білім беру бөлімінің хабарлауынша, әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысында оған тәртіптік жаза қабылданды–қатаң сөгіс пен атқарып жатқан қызметтен босату.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан