Ботқадағы құрт: Павлодарда мектеп директоры сөгіс алды

Ботқадағы құрт: Павлодарда мектеп директоры сөгіс алды
Фото: instagram.com/vseobovsem_pvl

Павлодар білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралиннің айтуынша, Мұхтар Әуезов атындағы орта білім мектебінің директоры сөгіс алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Мұндай шара мектептегі тамақтану мәселесін дұрыс бақыламағаны үшін қабылданды. Асхананы жалға алушымен келісімшарт бұзылмады", - деді Қуаныш Қыдыралин.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботқаның ішінде құртты тапқан оқушының анасы шағым жазудан бас тартқанын хабарлады. Ал департамент өтінішсіз өздігінен тексеріс жүргізе алмайды. Департаментке мектеп директорының атынан жеке кәсіпкерге өтініш келіп түсті. Ары қарай бұл өтініш облыстық ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕК органдарында тіркелгеннен кейін, тексеріс жүргізіледі.   

Еске салайық, әлеуметтік желіде мектеп асханасында берілген ботқа мен котлеттің ішінде құрты бар фото тарады. Мектеп әкімшілігі бұл жағдайды растады, бірақ пісірілген ботқаның жармасы бұзылмағанын атап өтті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан