Павлодардағы мектеп асханасында тамақтан құрт шықты

Павлодардағы мектеп асханасында тамақтан құрт шықты
Фото: instagram.com/vseobovsem_pvl/

Павлодардағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы асханадағы тамақтан құрт шыққаннын айтты. Әлеуметтік желіде тамақтың суреті тарап кетті. Мектеп әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тамақ ішінде табылған құрттың суреті тарады. Ашынған ата-аналар мектепті тексеруді талап етті. Мектеп оқушыларының айтуынша, тамақтан табылған құрт тірі болған.

Мектеп әкімшілігі бұған қатысты пікір білдірді. 

"Бүгін ботқадан жеміс құрты табылды. Әкімшілік, оқушыларды өзін-өзі басқару өкілдері мен ата-аналар өнімдер мен дәнді дақылдарға жедел тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша ботқа дайындалған жарманың таза екені, ботқа да бүгін дайындалғаны анықталды", - деп жауап берді мектеп әкімшлігі. 

Сондай-ақ, олар мектеп асханасында алма сатылып жатқанын түсіндірді. 

Massaget.kz тілшісі бұл жағдайға қатысты Павлодар қалалық білім басқармасына сауал жолдады. 

"Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына тексеру жүргізу туралы хат жолданды. Бүгін басқарма бұл деректі тексереді. Мектеп директорына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды", - деп жауап берді қалалық білім басқармасы өкілдері. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек