Інісін туған күнімен құттықтаған 4 жастағы бала Қазнетті тәнті етті

Інісін туған күнімен құттықтаған 4 жастағы бала Қазнетті тәнті етті
Фото: видео кадры

Інісін туған күнімен құттықтаған 4 жастағы бала Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Торттағы балауыз шамға қарағанда туған күн иесі 2 жасқа толған. Ал оны 4 жастағы ағасы құттықтап, торт әкеледі. Інісі тортты алмақшы болғанда, ағасы оған "Үр" дейді.

@kushumova_fl

♬ оригинальный звук - aiymgul kushumova

Желі қолданушылары бұл видеоға "Өзі мәз, інісі шок", "Інісі дым түсінбей тұр. Ағасы өзі мәз", "Өмір көрген ағасы ғой. Інісіне бере салған", "И жандарым, әбден күлдім ғой. Алла тіл-көзден сақтасын, аман болсын балалар", "Сүп-сүйкімді", "Түрлерін-ай", "Тәтті-ақ, тілінен сол", "Аға болған түрінен, тіфай-тіфай, тіл-көз тимесін, 100 жасасын, бақытты балалық шақ тілеймін", "Бауыр деген осы ғой. Әрқаша да осындай бір-біріңе жақын болыңдар" деп пікір жазып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан