Ауғанстандағы жер сілкінісі: үйінді астында қалған сәби 24 сағаттан кейін құтқарылды

Фото: Видео кадры

Желіде үйінді астында қалған сәбиді құтқарып жатқан сәттің видеолары тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tvr.by-ға сілтеме жасап. 

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінен бір тәулікке жуық уақыт өткенде үйінді астында қалған бір жасқа толмаған сәби құтқарылды. Басылым мәліметінше, баланың аяқ-қолы сау. 

Еске салайық, 7 қазанда таңертең Ауғанстанда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. 

Жер сілкінісі құрбандарының саны екі мыңнан асты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек