Ауғанстандағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 2000 адамнан асты

Ауғанстандағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 2000 адамнан асты
Фото: © t.me/sputnikaf

Ауғанстанның батысындағы жер сілкінісі құрбандарының саны екі мыңнан асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елдің Табиғи апаттар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 8 қазанда таңертең жер сілкінісі болған аймақта айтарлықтай шығын болғаны белгілі болды.

"Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны - 2053 адам, жарақат алған - 9240 адам, зақымданған немесе қираған 1329 үй тіркелген", - делінген хабарламада.

Марқұмдар медициналық мекемелер мен әскери бөлімдерге жеткізіліп жатыр. Герат денсаулық сақтау департаменті өкілінің айтуынша, мәйіттері ауруханаларға жеткізілген 200 адамның көпшілігі әйелдер мен балалар.

Гератта 272 000 адам тұрады. Жер сілкінісінен зардап шеккен аудан тұрғындарының бірі жергілікті тұрғындар үрейленіп, уақытша көшеде жүргенін айтты.

Еске сала кетейік, 7 қазанда таңертең Ауғанстанда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан