Сіз байқамауыңыз мүмкін инфаркттың 5 белгісі

Сіз байқамауыңыз мүмкін инфаркттың 5 белгісі
Фото: elements.envato.com

Әлем бойынша жүрек-қан тамырлары аурулары өлімнің басты себебінің бірі. Инфарктпен ауыратын адамдардың жасы жасарып келеді. KDL федералды медициналық зертханалар желісінің медициналық бөлімінің бастығы Ольга Малиновскаяның айтуынша, қазір олар белсенді түрде кеңсе қызметкерлері, тіпті студенттерде жиі кездесіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, инфаркт алуы мүмкін адамдар үнемі стрессте жүретін, дұрыс тамақтануды бақыламайтын, аз қозғалатын және жалпы денсаулығының жағдайына кері әсер ететін әдеті бар, қысым, холестерин және қандағы қант деңгейін тексермейтіндер.

"Гипертониямен ауыратын 650 миллионға жуық адам бұл аурудан зардап шегетінін білмейді, бұл сонымен қатар жүрек жұмысының бұзылуының даму қаупін арттырады", - дейді Ольга Малиновская.
 

Көбінесе инфаркт өзін әлсіздік, кеудедегі ауырсыну, ісіну, ентігу, тез шаршау сияқты айқын белгілермен көрсетеді. Бірақ жүрек-қан тамырлары ауруларының атиптік белгілері де бар. Назар аудару керек қарапайым белгілер:

  • Бас айналу;
  • Кенеттен бірнәрсені ұмытып қалу;
  • Қатты терлеу, әсіресе түнде;
  • Мерзімді арқа мен жақтың ауырсынуы;
  • Асқазан аймағындағы ауырсыну. 

"Егер мұндай ауырсынулар бұрын болмай, қазір үнемі байқап жүрсеңіз, шұғыл түрде дәрігерден кеңес алыңыз. Жүрек-қан тамырлары ауруларының атиптік белгілері көбінесе әйелдерде пайда болады", - деп қосты Ольга Малиновская.

Кардиолог ескертуі.

Мамандардың сөзінше, науқастың диагнозын тіпті сырт келбетіне қарап та анықтауға болады. Мысалы, шаштың түсіп қалуы, яғни тақыр бас болуы. Әрине шашқа қарап қана диагноз қою мүмкін емес. Артерияның жағдайын сенімді түрде бағалау үшін атеросклерозды липидограмма және тамырларды дуплексті сканерлеу арқылы анықтауға болады.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер инфаркт кезінде алғашқы көмек қалай көрсетілуі керегін айтқан еді. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Еркек пен баланың айырмашылығы неде?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә