Инфаркт кезінде алғашқы көмек қалай көрсетілуі керек? Дәрігер кеңесі

Инфаркт кезінде алғашқы көмек қалай көрсетілуі керек? Дәрігер кеңесі
Фото: Pixabay.com

Инфаркт кезінде алғашқы көмек қалай көрсетілуі керек? Бұл туралы Алматы №16 қалалық емхананың кардиологы Жолдас Утаров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Алматы №16 қалалық емхананың кардиологы Жолдас Утаровтың айтуынша, инфарктың алғашқы белгілері кезінде жедел медициналық жәрдем бригадасын дереу шақыру қажет.

"Ауырсынудың өтуін күтпеңіз, өйткені бұл өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Науқаста дәріге аллергия болмаса, оны отырғызып немесе басын жоғары қойып жатқызып, 0,25 грамм ацетилсалицил қышқылын (аспирин) беру керек. Егер сізде немесе кез келген адамда кенеттен инфаркт белгілері орын алса, қолға, иыққа немесе жаққа таралатын жүрек аймағындағы ауырсыну, ентігу, жүрек соғысының жиілігі, тершеңдік немесе жүректің тоқтап қалуы белгілері болады. Бұл белгілер бес минуттан аса уақытқа созылса, белгілердің қарқындылығы төмен немесе орташа болса да бірден, жедел жәрдем медициналық тобын дереу көмекке шақырыңыз. 10 минуттан артық күтпеңіз - бұл өмірге қауіп төндіреді", - дейді маман.

Егер жедел жәрдем шақыру мүмкін болмаса, біреудің сізді ауруханаға жеткізуін сұраңыз - бұл дұрыс шешім. Рөлге өзіңіз отырмағаныңыз жөн, бірақ басқа таңдау болмаса, ауруханаға машинамен өзіңіз келіңіз.

Егер инфаркт болса, емдеуші дәрігер берген нұсқауларды орындау керек, егер мұндай нұсқау болмаса, онда сіз келесі алгоритмге сәйкес әрекет етуіңіз керек: отырыңыз немесе төсекке басыңыздың жоғары қойып жатыңыз, 0,25 грамм ацетилсалицил қышқылы (аспирин) таблеткасын шайнаңыз, жұтыңыз және 0,5 миллиграмм нитроглицерин - бір ингаляциялық доза - тыныс алу кезінде ауыз қуысына шашыратыңыз, таблетканы тіл астына қойыңыз, капсуланы алдын-ала тістеңіз, жұтпаңыз, мойынды босатыңыз және терезені ашып, бөлмені ауасын тазартыңыз. 

Егер аспирин мен нитроглицеринді қабылдағаннан кейін, бес-жеті минуттан кейін ауырсыну сол күйі болса, нитроглицеринді екінші рет қабылдау қажет. Содан кейін жағдай жақсармаса, қабылдауды 10 минуттан кейін қайталаңыз.

Дәрігердің айтуынша, егер нитроглицеринді бірінші немесе келесі қабылдағаннан кейін қатты әлсіздік, тершеңдік, ентігу пайда болса, жатып, аяғын көтеру керек, бір шыны су ішіп, енді нитроглицеринді қабылдамау керек.

Жолдас Утаров инфарктпен ауыратын науқасқа дәрігер рұқсат етпей, тұруға, жүруге, темекі шегуге және тамақ ішуге қатаң тыйым салынатынына атап өтті.

Аспиринді оған төзімсіздік болса, сондай-ақ, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының өршуі кезінде қабылдауға болмайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек