Шайды екі рет қайнатса не болады? Дәрігер жауабы

Шайды екі рет қайнатса не болады? Дәрігер жауабы
Фото: pixabay.com

Шайдың қаныққан құрамының арқасында бойыңыздағы стресс басылады, оған қоса шай шаршауды жеңілдетуге, сергітуге және зат алмасуды қалыпқа келтіруге көмектеседі. Бұл таңғаларлық көп қырлы сусын антисептикалық және бактерияға қарсы әсерге ие, артық сұйықтықты және онымен бірге токсиндерді кетіруге қабілетті. Сондықтан суық тиген кезде міндетті түрде таңқурай, бал немесе лимон қосылған шай ішу керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шай В, С, Р, D, Е, К секілді дәрумендерге бай, дайын сусынның концентрациясының құрамында 5 пайызға дейін калий, фосфор, кальций, магний, мыс, натрий, темір, мырыш, хром, фтор, йод сияқты минералдар бар, сонымен қатар кофенің әсерінен 4-8 есе күшті қуаттандыратын теин мен антиоксидант катехин бар.

Оның құрамындағы антиоксиданттар шайды жастық пен сұлулықтың сусынына айналдырады. Оны жүйелі тұтыну онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін бос радикалдардың санын азайтады.

Шайды екі рет қайнатуға бола ма?

Болады. Дегенмен, есте сақтау керек нюанстар бар. Көп нәрсе сұрыпқа байланысты.

Жапырақ шайы теин, антиоксидант секілді пайдалы компоненттерді біртіндеп береді. Сонымен, көк шайды бірнеше рет қайнатуға болады, өйткені ол өзінің барлық пайдасын тек екінші немесе үшінші қайнатқаннан кейін шығарады.

Шай жапырағы сортына қарамастан неғұрлым аз кесілсе, қоректік заттар суға соғұрлым тезірек түседі, мұны шайды қайнатқан кезде есте сақтау керек. Әрбір қайнатқаннан кейін олар азая береді. Үшінші қайнатқаннан кейін шай пакетінде қоректік заттардың ізі де қалмайды.

Шайды екінші рет қайнатудың зияны қандай?

Кез келген шайды қайта қайнатқан кезде ол пайда ғана емес, зиянын да тигізуі мүмкін. Егер әдетте шай пакетін таңертең бір рет қолданып, кешке тағы ішемін деп сақтап қоятын болсаңыз, бұл әдеттен құтылу керек. Өйткені, пайдаланылған шайдың бетінде тотыққан полифенолдардың қабық пайда бола бастайды.

Швейцариялық ғалымдар мұндай кемпірқосаққа ұқсас қабық қатты және эфир майларына бай сусыннан пайда болатынын анықтады. Егер шай құрамына хош иіске арналған сұйықтық қосылса, сусын салқындаған сайын қабық айқынырақ бола түседі.

Қалай болғанда да, уақыт өте келе мұндай сусын денсаулыққа қауіпті бактериялар мен зеңдердің таралуы үшін пайдалы ортаға айналады.

Өндірушілер шикізатқа түрлі бояғыш та қосатынын ұмытпау керек. Мұндай шай ыстық суға бірнеше рет түс бере алады, бірақ бастапқыдағыдай пайда әкелмейді. Сонымен қатар, тым арзан шайдың сапалы бола алмайтынын естен шығармаңыз!

Еске салайық, бұған дейін балды ыстық шай немесе сүтпен ішу қаншалықты дұрыс екенін туралы хабарлаған едік.

Тағы да оқи отырыңызыдар: Неліктен Мұстафа Кемалды «Ататүрік» деп атады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә