"Азық-түлік, шатырлар, киім-кешек". Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

"Азық-түлік, шатырлар, киім-кешек". Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Фото: t.me/sputnikaf

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды. Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады.

Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады.

Сонымен қатар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

Қазақстан биылғы 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.

Еске сала кетейік, 7 қазанда таңертең Ауғанстанда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. 

Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 2000 адамнан асты

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина