Елена Рыбакинаның Қытайдағы турнирдің ширек финалындағы қарсыласы белгілі болды

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Қытайдағы турнирдің ширек финалындағы қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші турнирдің жартылай финалына жолдама үшін әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен таласады.

Арина Соболенко турнирдің 1/8 финалында италиялық теннисші Жасмин Паолиниді 6:4, 7:6(7:4) есебімен екі сетте жеңді. Беларусь теннисшісі матч кезінде 16 эйс пен үш қос қате жасады. Алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина мен Арина Соболенконың ширек финалдағы матчы ертең, 6 қазанда Астана уақытымен 17:30-да өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирде ресейлік 16 жастағы теннисші Мирра Андрееваны жеңіп, ширек финалған шыққанын хабарлаған едік.
 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!