Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирде ресейлік жас теннисшіні жеңді

Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирде ресейлік жас теннисшіні жеңді
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші бұл айналымда ресейлік 16 жастағы теннисші Мирра Андреевамен кездесті.

Елена Рыбакина қарсыласын 2:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 50 минутқа созылған матч кезінде 10 эйс пен екі қос қате жасады. Сонымен бірге бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан