​​"Таусылып кетті". Интернет-дүкендер төленген тапсырыстан бас тарта ала ма?

Тұтынушы дүкенде болып жатқан жаппай науқанға байланысты бір затты жеңілдікпен сатып алып, артынша дүкен тауардың жоқтығы немесе бағаның қате қойылғанын айтып, тапсырыстан бас тартады. Дүкен иесінің бұл ісі қаншалық заңды екенін sapa-sauda.kz ұжымы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Азаматтық кодексінің 446-бабына сәйкес, егер заң актiлерiнде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның iшiнде сатып алушы қосылатын (осы Кодекстiң 389-бабы) формулярлардың немесе өзге де стандарттық нысандардың талаптарында өзгеше белгiленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегiн немесе тауарға ақы төленгенiн растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi.

Онлайн-дүкендер, әдетте, сату шарттарын сайттарында ашық орналастырады.

Көп жағдайда мұндай шартта сатушылар тапсырыс беру кезінде немесе төлегеннен кейін тауар болмаған жағдайда, сайтта бағасын қате көрсету нәтижесінде бағаның өзгеруі және басқа да талаптар көрсетіледі.

Бұған дейін болған сот істерінің нәтижесіне сәйкес, көптеген сатушының қате көрсетілген бағамен немесе тауардың болмауына байланысты тапсырысын жойған сатып алушылардың талаптары қанағаттандырылмаған. Өйткені, сот сатушылардың жария шарттарында белгілі бір шарттар болды деп есептейді.

Осыған байланысты, онлайн-дүкенде тауар сатып алмас бұрын олардың жария шарттардың талаптарымен танысқан дұрыс.

Айта кетейік, бұған дейін қайтыс болған адамның несиесін кім өтейтіні туралы хабарлаған едік.

Тағы да оқи отырыңызыдар: Күзде бет терісін қалай күту керек?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!