4 ұлы бар: алғаш рет марқұм композитор Арман Қайназаровтың отбасы туралы айтылды

4 ұлы бар: алғаш рет марқұм композитор Арман Қайназаровтың отбасы туралы айтылды
Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасының видеосынан алынған кадр

Марқұм композитор Арман Қайназаровтың отбасы туралы алғаш рет айтылды. Бұл туралы оның жары "Қыздар-ай" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алтын Табылдықызы жұбайымен 20 жылда 4 ұл тәрбиелеп өсірген. 

"Үлкен ұлым 20-да, одан кейінгісі 16-да, одан кейінгісі 15-те, ең кішкентайым бес жаста. Арман балаларының бәрін жақсы көрді. Кішкентайынан балаларға жақсы қарайтын. Ең әлсіз жері ішкілікке бой алдырып, соның салдарынан болмаса, оған дейін Арманнан бір жаман нәрсе айта алмаймын. Балаларды жақсы көретінін сөзбен айтатын. 2005 жылдары басталды (ішкілікке салынуы - еск.). Студияларға бара бастады, ер адамдар жиналған жерде өздері сөйлеседі, ара-тұра ішеді деген сияқты нәрсе бар. Арманда сол жағынан әлсіздік болды", - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін де марқұм Арман Қайназаровтың әйелі сұхбат бергені хабарланған еді. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Теріскен неге шығады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова