Неміс миллиардері ұзақ өмір сүруге көмектесетін 5 ережені атады

Неміс миллиардері Кристиан Ангермайер ұзақ өмір сүруге көмектесетін әдістер жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Insider-ге сілтеме жасап.

Кристиан Ангермайер - ұзақ өмір сүруге көмектесетін дәрі ойлап шығаруға миллиондаған доллар құйып жүрген инвестор. Бірақ ол ғылыми жаңалықтарға сеніп қана қоймай, ұзақ өмір сүру мүмкіндігін арттыратын 5 ережені сақтайды.

"Егер бір жағынан қарапайым, бір жағынан күрделі бұл 5 нәрсені жасамасаңыз, сиқырлы құрал іздемеңіз", - дейді Кристиан Ангермайер.

Мына бес ережені сақтаңыз:

  1. Дұрыс ұйқы. Миллиардердің сөзінше, бұл жастықты сақтауға арналған тегін және тиімді құрал;
  2. Жақын адамдарыңызбен араласу. "Сізге жеке өмір қажет. Оның жоқтығы зиян екені ғылыми дәлелденген", - дейді ол;
  3. Дұрыс тамақтану. Миллиардер көкөністерге бай жерорта теңіздік диетаны байқап көруді ұсынды;
  4. Спортпен айналысу. Жүйелі түрде жаттығулар жасау дене мен жан-дүние саулығын сақтауға көмектеседі;
  5. Алкоголь мен есірткіден бас тарту.

Оқи отырыңыз: Жерорта теңізі диетасының негізгі ережелері