"Үш дипломым бар". Елімізге танымал блогерлердің білімі қандай?

"Үш дипломым бар". Елімізге танымал блогерлердің білімі қандай?
Фото: Фотоколлаж

Еліміздегі танымал блогерлерден жоғары білімі туралы Айгүл Мүкей әлеуметтік парақшасында жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желінің "жұлдызы" атанған, теолог, дінтанушы Нұрлан Имам да бұл сұраққа жауап берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aigul Mukei (@aigulmukei)

"Үш жоғары білімім бар. Атап айтсам, діни, әлеуметтік және психологиялық", - деді ол.

Блогер Дана Есеева да үш мамандықты оқып шыққан.

"Мен электр энергетикасы және экономика бойынша жоғары білім алдым. Сондай-ақ, үшінші мамандық ретінде отбасылық психологты оқып алдым. Үнемі мамандық бойынша жұмыс істеу керек деп жиі айтамын. Солай дұрыс", - деді блогер.

Әлеуметтік желіде "wowaraika" атымен танылған Арайлым Оралбай әлі студент екенін айтты.

"Жасым - 23-те. Алматыдағы С.Асфендияров атындағы медициналық университетте 7-курс оқимын. Болашақта косметолог болғым келеді. Өзіме тегін бет процедурасын жасап жүремін. Есесіне ақшасы да көп", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін елге танымал миллионер блогерлердің жоғары білімі туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Микротолқынды пеш зиянды ма?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы