"Оқымағанмын, саудамен айналыстым". Елге танымал миллионер блогерлердің жоғары білімі бар ма?

"Оқымағанмын, саудамен айналыстым". Елге танымал миллионер блогерлердің жоғары білімі бар ма?
Фото: фотоколлаж

Елімізге танымал блогерлердің жоғары білімі бар ма? Бұл сұрақтың жауабын Айгүл Мүкей өзінің instagram парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандағы танымал блогерлер дипломды қажет етпеген сыңайлы. Олар жоғары білім алғанымен, мамандық бойынша жұмыс істемейтінін айтты. 

Дархан Жолшыбеков және Дариға Нұркеева (Daricorn)

© instagram.com/daricorn.rr

Менде жоғары білім жоқ. Мен оқымағанмын. Әйелімнің үш дипломы бар сол маған жетеді, - дейді Дархан Жолшыбеков.

Ал Daricorn-ның бір емес бақандай үш дипломы бар екен. Дегенмен мамандық бойынша жұмыс істемейтінін жеткізді.

"Менде электро машина ол колледжде оқығанда алған білімім. Содан кейін Қарағанды мемлекеттік университетін қызыл дипломға бітірдім. Бірақ мамандықпен жұмыс істемеймін", - дейді Daricorn.

Дархан Жолшыбек қазір сырттай заң факультетінде оқып жатқанын жеткізді. Ал блогер Мерей Әбілова қазір дизайнер мамандығында оқитынын айтты.

© instagram.com/abilovva_m

"Мен қазір дизайнерлік мамандықта білім алып жүрмін. Өзімнің жеке брендім бар. Сол мамандық осы салада өз септігін тигізіп жатыр", - дейді блогер.  

Әнші Рүстем Жүгінісовтың продюсері Әден Марғұлан жоғары оқу орнын оқығанын айтты.

© instagram.com/aden_margulan

"Білімім жоғары. Алматы қаласында Сәтбаев университетінде оқыдым. Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыдым. Мамандығым транспорттық технология бірақ мамандық бойынша жұмыс істеген жоқпын. Қазір шүкір, миллион табамын", - дейді ол. 

Блогер Дархан Жолшыбектің туған ағасы Ақтілек жоғары білімі жоқ екенін жеткізді.

© instagram.com/zholshybekovaktilek

"Мен колледж ғана бітіргенмін. Ары қарай оқымадым. Саудамен айналыстым, Кореяда жұмыс істедім", - дейді Ақтілек Жолшыбеков.

Тағы да оқи отырыңыз: Блогерлер қанша ақша табады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы