"Күйеуіңнен ақша сыпырып алу". Айгүл Мүкей Қыран Талапбектің әйелінің курсын сынап тастады

Танымал тележүргізуші, актриса Айгүл Мукей Гүлзада Тұрлаштың әйелдерге арналған курсына сын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы тележүргізуші Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Қыран Талапбекті құрметтеймін, талант... Оның да жары да жақсы адам шығар... бірақ мынадай жолмен  бітпейтін курстарды сата беру - қайғылы жағдай және өте жаман мысал. Оның айтпағы басқа болғанын жазбай-ақ қойыңдар, мен естігенімді естідім. Қыздар, ақша тапқыларың келеді, түсінемін, "күйеуіңнен ақша сыпырып алу" курсы күлкілі емес, ақылға сыймайды", - деп жазған Айгүл Мүкей. 

Айта кетейік, бұған дейін мобилограф Қыран Талапбектің жұбайы Гүлзада Тұрлаш алғашында арақатынастары қалай өрбігенін айтқан еді. 

Оның сөзінше, алғашында ешқандай сыйлық алмаған.

"Тұрмысқа сәтті шығып, жолы болды деп ойласаңыздар, қатты қателесесіздер. Алғашында сөйлесіп жүрген кезде ешқандай сыйлық алған жоқпын, көңіл бөлмейтін. Мені 8 наурызда екі күннен кейін гүлдің суретін жіберіп осылай құттықтады. Өзімді қоярға жер таппадым", - дейді ол. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Үй салуға қанша уақыт кетеді?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!