"Бір тиын алмаймын". Мұқасан Шахзадаев жеке студиясы туралы айтты

"Бір тиын алмаймын". Мұқасан Шахзадаев жеке студиясы туралы айтты
Фото: Видеоскрин

Әнші Мұқасан Шахзадаев "Нұр-Мұқасан" тобы және жеке студиясы туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі қазіргі таңда топ мүшелері екі жаққа кеткенімен араласып тұратынын айтты.

"Нұр-Мұқасан" тобының құрылғанына 33 жыл болады. Топ бөлініп кеткен кезде әндерді бөлмедік. Кім қай әнді айтқысы келеді, соны айтамыз. Оған шектеу жоқ. Қазіргі таңда екеуміз екі бөлекпіз. Нұрлан өзінің шығармашылығымен, басқа да жұмыстарымен айналысып жатыр. Мен бөлек кеттім. Бұйырса топ болып концерт беруіміз де мүмкін. Бәрі де алдағы өмірдің еншісінде. Кездескенде құшақтасып, амандасамыз. Жақында бұрынғы достарымыздың туған күнінде кішігірім ортада Нұрлан екеуміз бас қостық

Өзім бұйырса жастармен дуэт жазбақшымын. Жақында Ұланғасыр Қамиев қарашадағы концертінде бірге ән айтуды ұсынды. Қарашада дуэт күтіңіздер", - деді ол.

Мұқасан Шахзадаев жеке студиясы бар екенін айтты.

"Бірақ студиядан ешқандай табыс түспейді. Оған Мақпал Жүнісова, Садраддин секілді керемет әншілер келіп, ән жазады. Ең бастысы қазақ өнеріндегі жақсы туындылар сол жерде жарық көрсін деген ниетпен ашылды. Шыны керек, студияны ашқанмен, балалардан бір тиын алмаймын. Тіпті, қаншаға жаздырады, бағаларын да білмеймін" - деді әнші. 

Сондай-ақ, әншінің айтуынша, шақырылатын жерге қоятын өз талаптары бар.

"Люкс" нөмірге жататыным рас. Кім жаман жерге жатқысы келеді? Жатар орын ыңғайлы, жаныңа жайлы болғанын бәріміз қалаймыз", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін 90-жылдардағы танымал әншілердің қазір қайда жүргеніне шолу жарияланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Іш өткенді қалай тоқтатуға болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы