"Кәсібім жоқ". Мұқасан Шахзадаев басшылық қызметтен қанша айлық алатынын айтты

Әнші Мұқасан Шахзадаев "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айлық табысы және отбасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі кәсіппен айналыспайтынын айтты.

"Қазіргі таңда Республика сарайының ішінде "Алматы әуендері "деген ұжым бар. Сонда  көркемдік жетекші қызметін атқарамын. Басты міндетіміз - Алматы қаласында өтетін іс-шараларды музыкалық жағынан қамтамасыз ету. Айлығым - 157 000 теңге. Табыс көзін тек өнерден табамын. Біздің қолымыздан бизнес келмейтін сияқты. Кәсібім жоқ, ештеңемен айналыспаймын", - деді әнші.

Әншінің айтуынша, биыл үшінші ұлы мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түскен.

"Төрт ұлым бар: Димаш, Дастар, Диар, Али-Шах. Ұлдарыма қатты қаталмын деп айта алмаймын. Бірақ еркелетпеймін. Ең кішкентайы 5 жастан асты. Үшінші ұлым Диар биыл мектеп бітіріп, Астанадаы AiTU деген университетке IT мамандығына оқуға түсті. Балаларымның бәрі футболист. Жалпы бұйырса тойдың ауылы алыс емес. Димаш үйленгісі келетінін былтыр айтып жүретін. Өкінішке орай қызы екеуі жараспай қалыпты.

Келіншегім Абылай хан атындағы халықаралық университетті бітіріп,  жоғары оқу орындарында неміс тілінен сабақ берді. Сабақ беріп жүріп, тағы да білім алды. Сосын техникалық түгендеу бюросына жұмысқа кірді. Одан кейін балалармен 14 жыл үйде отырды. Қазір қайтадан жұмысқа шықты", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Мұқасан Шахзадаев жастық шағында сүйген қызына қосыла алмағанын айтқаны туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз