"Басқа жаққа күйеуге шығамын" деді". Мұқасан Шахзадаев жастық шағында сүйген қызына қосыла алмағанын айтты

"Басқа жаққа күйеуге шығамын" деді". Мұқасан Шахзадаев жастық шағында сүйген қызына қосыла алмағанын айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал әнші Мұқасан Шахзадаев жастық шағында қатты жақсы көрген қызына қосыла алмағанын айтты. Бұл туралы өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, олардың жолы екіге кеткен. 

"Өмірде өкінген сәтім бар. 1989 жылы Тараз қаласында училищеде оқыдым. Әпкем пединститутта оқыды. Сонда Сәжида деген құрбысы екеуі жан дос болатын. Сол екеуі ақылдасып, "Сәжиданың туған сіңілісі Бағиланы таныстырайын" деп, таныстырды. Шын мәнінде, ол қызды жақсы көрдім. Ол да жақсы көрді. Одан кейін бір-ақ жыл оқыдым да, Шымкентке кетіп қалдым. Бағила Таразда қалды. Бағила, Сәжида екеуі - әке-шешесінен ерте айырылған азаматшалар. Сөйтіп, әкесінің, шешесінің бауырлары бөліп-бөліп асырап алған. Бағиланы бір туыс ағайындары асырап алып, бойжеткізген. Ана қыз мені қанша жақсы көріп тұрса да, Шымкенттен келіп, екеуміз кездестік. Сол кезде айта алмай тұр, айтқысы келмейді, бірақ айтуы керек. Асырап алған кісілері өзінің туыстарының баласына айттырып береді. Жылап тұрып "Мұқасан, кешір, мен сені жақсы көремін, бірақ мен әке-шешеден ерте айырылып, жетім қалған кезде жетім қылмай бағып-қағып өсірді. Сондай адамдардың сөзін жерге тастай алмаймын. Амал жоқ, басқа жаққа күйеуге шығамын" деді. Сол кезде кәдімгідей ренжігенім, өкінгенім бар. Шынайы махаббат, сондай күйге түстім", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова