Еріктілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңбұзушылықтарды анықтады

Еріктілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңбұзушылықтарды анықтады
Фото: tengrinews.kz

Маңғыстау облысында іске қосылған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы нәтижесін беріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоба барысында волонтерлар Бейнеу бағытындағы республикалық маңызды автокөлік жолындағы шұңқырдың жөнінде шұғыл хабарлап, кемшілік жойылған.

"Одан бөлек, еріктілер Көліктік бақылау инспекциясы және Облыстық полиция департаментімен бірлесіп, ауыр салмақты көліктердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына мониторинг жүргізді. Нәтижесінде 80 заң бұзушылық анықталып, 7,6 млн теңге айыппұл салынды. Өңіріміздің белсенді азаматтарын және заңды тұлғаларын "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасына қосылуға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Департамент басшысының айтуынша, жоба белсенді азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараға ерікті ретінде тарту мақсатында іске қосылған.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалғаны туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Көшеде түкіргендерге қандай айыппұл салынады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы