Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды
Фото: ©kostanay.gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ғауез Нұрмұхамбетов 2002 жылғы қазаннан бастап Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі қызметін атқарды. 2008 жылғы қаңтардан бастап Қостанай қаласының әкімі болды. 2009 жылы Қостанайдағы "Достастық" ЖШС бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2011 жылғы маусымнан 2012 жылғы ақпанға дейін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі қызметін атқарды. 2012 жылғы ақпанда қайта Қостанай әкімі болып тағайындалды. Ал 2014 жылы бұл лауазамынан босатылды.

Еске салайық, СҚО-ның бұрынғы әкімі Айдарбек Сапаров 2022 жылы желтоқсанда осы лауазымға тағайындалған еді. Бұған дейін ол екі жылдан аса уақыт ауыл шаруашылығы министрлігінде бірінші вице-министрі болды.

Әкімсіз өңір: Солтүстік Қазақстан облысы әкімі міндетін кім атқарып жатыр?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова