Теннис федерациясы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады

Теннис федерациясы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады
Фото: olympic.kz

Ханчжоуда өтетін 19-жазғы Азия ойындарына қатысатын теннистен Қазақстан құрамасы белгілі болды. Теннис федерациясы тізімді ресми жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Қазақстан атынан төмендегі теннисшілер өнер көрсетеді:

ерлер: Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев, Дмитрий Попко және Григорий Ломакин.

әйелдер: Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Аружан Сағандықова және Жәнел Рүстемова.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның үздік теннисшілері Азия ойындарына қатыспайтынын хабарлаған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан