Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтетін болды

Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтетін болды
Фото: instagram.com/maxgalkinru

Жақында ресейлік әртіс Максим Галкин Қазақстан билігі жеке кешін өткізуге тыйым салып жатқанын айтқан болатын. Сол мәлімдемеден кейін Алматыда әзілкештің концерті өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресейлік әртіс Максим Галкиннің концерті 8 қазан күні Астанада, 9 қазан күні Алматыда өтетін болды. Бұл туралы өнер иесінің продюсері Алексей Пучков өзінің Instagram-дағы парақшасында жария етті. 

Сондай-ақ Максим Галкин өзінің Instagram-парақшасында қазақстандық көрермендеріне алғыс айтты.

Қазақстандағы қымбатты көрермендерім, сіздерге қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Барлық келіспеушіліктерді шеше алдық, Алматыда және Астанада концерт өтетін болды. Астанада концерт 8 қазанда, Алматыда 9 қазанда өтеді. Мен сіздерді концертте күтемін. Кездезкенше", - деді ол.

А. Жапатова