"Қазақстан билігіне қорқынышты көрінетін шығармын". Максим Галкин күтпеген мәлімдеме жасады

"Қазақстан билігіне қорқынышты көрінетін шығармын". Максим Галкин күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: maxgalkinru/instagram

Ресейлік әртіс Максим Галкин Қазақстанда концерттерін өткізуге қатысты мәселе туындап жатқанын айтып, мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бірнеше айдан бері осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, ресейлік әртіс мемлекеттік деңгейде концерттерінің өтуіне қысым жасалып жатқанын айтты.

"Концерттерімді өткізуге қатысты мәселе туындайтын ел - Қазақстан. Мемлекеттік деңгейде барлығы Алматы мен Астанадағы концерттерім өтуіне қарсы. Бірнеше айдан бері мен де, ұйымдастырушыларым да концерттерді өткізуге тырысып жатырмыз. Басында бәрі жақсы болды, билеттер сатыла басталды. Кейін ойдан шығарылған себептер пайда бола бастады, билет сатылымы тоқтап қалды... Концерттерімді өткізуге осылай қорқатындай Қазақстан билігіне қорқынышты көрінетін шығармын. Қазір концерттеріме мемлекеттік деңгейде ашық тыйым салынған. Өте өкінішті, Қазақстанды, Қазақстан халқын жақсы көремін. Қазақстандық көрермендерім мен оқырмандарымнан көп қолдау алдым... Бір күні міндетті түрде Қазақстанға барамын. Бұл жолы емес сияқты. Өйткені Мемлекет концерт өтпеуі үшін бәрін істеп жатыр. Өте өкінішті", - дейді ол видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Максим Галкин (@maxgalkinru)

Айта кетейік, Максим Галкин - ресейлік эстрада әртісі, пародист, әзілкеш, шоумен, актер, тележүргізуші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова