Жұлдызнама: қыркүйекте кімдерді жұмыста өзгеріс күтіп тұр?

Жұлдызнама: қыркүйекте кімдерді жұмыста өзгеріс күтіп тұр?
Фото: pixabay.com

Күздің басында кәсіби қызметке мән беру маңызды. Себебі қазанда "тұтылу дәлізі" басталады. Ол іскерлік салаға кедергі келтіруі мүмкін. Астролог Юлия Лифанова Gulkevichi.com-ға қыркүйек айында қай жұлдыз белгі өкілдерінің жұмысында өзгерістер болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астрологтың айтуынша, мына жұлдыз белгі өкілдері өз жұмыстарына аса мән беру керек:

Тоқты

Қыркүйек айы сіз үшін жұмыс саласында маңызды болмақ. Жаңа ай қыркүйектің ортасында сізге жаңа кеңсе, ұжым немесе құнды қызметкер әкелуі мүмкін. Басшылық үшін сіздің қызметіңіздің қажеттілігі артады, сондықтан қызметіңізді жоғарылату жайлы сөйлесуден ұялмаңыз.

Шаян

Қыркүйекте отыратын сәтті келісім-шарттың арқасында біліміңіз бен дағдыларыңыз артады. Жұмысқа қажетті техника сатып алу жайлы ойланыңыз, бұл сіздің кірісіңізді арттырады.

Арыстан

Мансабыңызда үлкен өзгерістер болмақ. Қыркүйек айының ортасынан бастап кірісіңіз артады. Басқаларды оқыту немесе жаңа дағдылар үйрену қызметіңіздің бағасын одан сайын көтереді. Жаңа бастығыңыз жоғары көтерілуіңізге көмектесуі мүмкін.

Бикеш

Бикеш белгісіндегі жаңа ай 15 қыркүйектен бастап сізге жаңа атақ пен мәртебе әкеледі. Алайда айдың соңында жұмыс ауыстырғыңыз келуі мүмкін.

Мерген

Егер жаңа жұмыс іздеу жоспарыңызда болса, қыркүйек айы – жақсы мүмкіндік. Себебі осы айда жайлы шарттары бар жақсы жұмыс табылу мүмкіндігі жоғары.

Оқи отырыңыз: Астролог ең жақсы келін болатын жұлдыз белгіні атады

А. Жапатова