Алматыдағы Forum сауда орталығынан жарылғыш зат табылмады

Алматыдағы Forum сауда орталығынан жарылғыш зат табылмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Forum сауда-ойын сауық орталығындағы тексеріс 18:10-да аяқталды. Ақпарат жалған болып шықты", - деп хабарлады ведомство.

Полиция жалған хабар берген адамды анықтап, жазалайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, бүгін Алматыдағы Forum сауда орталығында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарап, ондағы тұрғындар мен қызметкерлер эвакуацияланған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан