Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарады

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарады
Фото: forumalmaty.kz

Алматыда Forum сауда орталығында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталыққа келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланып жатыр.

"Жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарларға алғашқы ден қою шаралары шеңберінде қазір Алматының төтенше және жедел қызметтері Бостандық ауданындағы Forum сауда орталығында тексеріс жүргізіліп жатыр. Орталыққа келушілер мен қызметкерлері эвакуацияланып жатыр. Сонымен қатар, саперлік бөлімшелер қосылып, ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізіледі. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады ПД.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек