Министр Саясат Нұрбек өз жұмысына баға берді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"Осы жылды да жақсы бастаған жоқпыз. Біз Үкіметке есеп бергенде, Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша бағалау сияқты көрсеткіш бар. Өкінішке қарай, дайындық жұмыстары мен қаржыландыру бойынша бұл баға қанағаттанарлықсыз, бұл өз бағам", - деді ол.

Еске салайық, биылғы наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдап, оған бірқатар тапсырма берген еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!