Тоқаев Зеленскийді құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Айта кетейік, Тәуелсіздік күні Украинаның 1991 жылғы Тәуелсіздік декларациясының бекітілуімен байланысты 24 тамыз күні тойланады. 

Тұңғыш рет Украина Тәуелсіздік күні 1991 жылдың 16 шілде күні, сол күні 1990 жылы Украин КСР Жоғарғы Кеңесі елдің егемендігі жайлы декларация қабылдаған еді. Тәуелсіздік декларациясының қабылдануынан бері мереке күні 24 тамызға ауыстырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!