"Тойдағы гонарарым 5000 теңге". Актер Дәурен Жұмаділов асаба болған кездегі қызық оқиғасын бөлісті

"Тойдағы гонарарым 5000 теңге". Актер Дәурен Жұмаділов асаба болған кездегі қызық оқиғасын бөлісті
Фото: instagram.com/dauren_zhumadilov

"Шымкент шоу" театрының мүшесі, актер Дәурен Жұмаділов алғашқы тойға шыққан кездегі естелігін бөлісті. Бұл туралы өнер иесі Youtube times бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер алғашқы мектеп бітіру кештерін 500 теңгеге жүргізгенін алғашқы тойдағы табысы 5000 мың теңге болғанын жеткізді.

"Мен енді 500 теңгеге мектеп бітіру кештерін, кездесулерді жүргізіп жүрдім. Бір кезде Қасым деген досым маған:"Балқаштан той түсіп тұр 5000 теңге беремін" деді. Ойда ештеңе жоқ 500 теңгеге шығып жүрген маған 5000 мың теңге өте көп ақша көрінді. Сонымен не керек жолға шығып кеттік. 3 күн жүретін жерге костюм, шалбарды киіп шығып кетіп. Ол поездың іші ыстық сонымен киген костюмім қыж-мыж. Әйтеуір дегенде жетттік. Бізді мотоциклмен күтіп алды. Ары қарай той иесінің үйіне бардық. "Бір кезде асаба қайда" деп. Мен ұялып қалдым содан мен деп айтып. Үйлену тойды бастап кеттім",- дейді актер.

© видеодан алынған кадр

Үйлену тойын жүргізіп көрмеген өнер иесі бірінші ақ дастарханнан кейін бата алып ұйықтап қалғанын жеткізді.

"Менде мұндай үлкен той көрмегенмін. Антракт басталды, дастарханға бата алдық. Содан кейін о, ерте бітті деп ойлап. Досымыз екеуміз көршінің үйіне барып, киімдерімізді шешіп жатып қалғанбыз. Содан тойдың екінші кезеңін бастауға бізді іздеп жүр. Мені шақырды асаба қайда, асаба қайда? - деп. "Мен ұйықтап қалды" деп айт дедім досыма. Сөйтсем не керек, тойдың екінші бөлігі бар екен. Әйтеуір аман-есен атқарып, 5000 теңгемді қолыма алып елге қайттым. Ойланып тойдағы гонарарым 5000 мың теңге екен деп. Әлі есімде алғашқы көп табысым ғой деп үйге құмшекер мен нан алып бардым",- дейді актер Дәурен Жұмаділов.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы