Алматылық өзін құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстырып, тұрғындарды алдап кеткен

Алматыда өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған әйел қала тұрғынын алдап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктінің қылмыстық әрекетін Алатау ауданының полицейлері анықтады. Полицияға жәбірленушіден арыз түскен. Оның айтуынша, 34 жастағы О. есімді әйел ақшалай сыйақыға мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесемін деп уәде берген. Әйел өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырып, болашақ "үй иесіне" көмектесуге мүмкіндігі бар екеніне сендірген.

"Тергеу барысында осыған ұқсас бір эпизод анықталды. Күдікті Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Еске салайық, бұған дейін Шымкенттегі арнайы операция кезінде 43 алаяқ әшкереленгені хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!