Шымкенттегі арнайы операция кезінде 43 интернет-алаяқ әшкереленді

Шымкенттегі арнайы операция кезінде 43 интернет-алаяқ әшкереленді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шымкентте полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізіп 40-тан аса интернет-алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыскерлер айласын жүзеге асыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді қолданады. Арнайы операцияға мамандандырылған жедел-іздестіру тобы құрылып, криминалдық полицияның жедел қызметкерлері, тергеушілер, анықтаушылар және жергілікті полиция қызметі жұмылдырылған. Үш күнге созылған іс-шара нәтижесінде интернет-алаяқтықтың 43 жағдайы анықталғаны айтылды.

Тергеу барысында шымкенттің екі тұрғынанан 1 миллион теңгеден аса ақшаны алдап алған Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Полиция ақпаратына сәйкес, алаяқ жәбірленушімен мобильді мессенджер арқылы байланысып, өзін сауда ұйымының қызметкері ретінде таныстырған, сатып алу үшін төлемді алдын ала белгілі бір шотқа аударуын сұрау арқылы ақша жымқырған.

Зардап шеккен азамат полиция бөлімшсеіне жүгініп, қазір қылмыскер қамауда отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан