"Қазақстан" шахтасындағы өрт: жағдай жақсарған жоқ

Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі сөндірілген жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

22 тамызда сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Қазақстан шахтасындағы жағдай бойынша, апаттық қазбадағы өрт ошақтары әлі де жанып жатыр, жағдай жақсарған жоқ.

Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады.

Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күштерді апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысында шахта өртенгені хабарланған болатын. Кейін екі жұмысшы өлі табылғаны хабарланған еді.

Сонымен қатар, "Қазақстан" шахтасындағы өрттен зардап шеккендер саны сегіз адам болғаны айтылды.

Кеше "Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі сөндіріліп жатқаны белгілі болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина