"Қазақстан" шахтасындағы өрттен зардап шеккендер саны сегіз адам болды

"Қазақстан" шахтасындағы өрттен зардап шеккендер саны сегіз адам болды

"Қазақстан" шахтасындағы өрттен зардап шеккендер саны сегіз адамға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарына қарағанда, қазіргі уақытта "Қазақстан" кенішіндегі өрттен зардап шеккен сегіз жұмысшы ауруханада жатыр.

"Емдеу мекемесінде барлығы алты адам жатыр. Тағы екі науқасты апара жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан" шахтасын өрт шығып, кеншілер эвакуацияланып жатқаны хабарлаған едік.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенгені айтылды. Шахтада 227 адам болған.

Кейінірек өрт шыққан жерден екі кеншінің өлі табылғаны хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан