"Қазіргі қыздар ішімдік ішіп, есірткі иіскейді". Қуат Хамитов қандай қалыңдық іздеп жүргенін айтты

"Қазіргі қыздар ішімдік ішіп, есірткі иіскейді". Қуат Хамитов қандай қалыңдық іздеп жүргенін айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал спортшы Қуат Хамитов неге үйленбей жүргенін айтты. Ол бұл туралы "Берен" подкастында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, өзіне лайық адам іздеп жүр. Ал бұған дейін отбасын құруға асықпаған.

"Бәрі Алладан ғой. Маңдайымызға жазып қойған нәрсе шығар. Спорт деп жүріп өзімді ұмытып кетіппін. Алдыңғы жылдары араласып жүрген қыздар болатын. Оларға "қазір үйленуге дайын емеспін" деп айтатынмын. "Тіпті Анджелина Джоли болсаң да үйленуге дайын емеспін. Менің алдыға қойған мақсаттарым, спорттағы жоспарларым бар. Оларды орындамай үйленуге дайын емеспін" дейтінмін. Қазір үйленуге дайын сияқтымын, бірақ жолықпай жүр", - дейді ол.

Сондай-ақ, ол қазіргі жастардың тәрбиесіне қатысты да сөз қозғап, өзіне қандай жар керегін айтқан.

"Тәрбиенің бәрі анадан ғой. Жас қыздарды қарасам, бәрі емес, 17, 18,19 жастағылар ішімдікке беріліп кеткен, меф деген бәле пайда болды, бәрі иіскейді. Жастардың бәрі бұзылып кеткен. Сондықтан маған ақылды, қарапайым, иманды, болашақ балаларымды тәрбиелейтін ана болатын, әке-шешеме қарайтын қыздар жолықпай жүр", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қуат Хамитов Қазақстан футболына қатысты күтпеген мәлімдеме жасаған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова