Қуат Хамитов Қазақстан футболына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Қуат Хамитов Қазақстан футболына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: Instagram/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жектен қазақстандық шебер Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчінде Данияны жеңгеніне (3:2) қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөліскен.

"Қазақстан футболының бірде-бір жеңісіне қуанбаймын. Несіне қуанасың, айналаға қараңызшы, халық деген 30 жыл бойы күнін әзер көріп жүр, жұмыс жоқ, орташа табыс 80 мың ғана, азық-түлік қымбат, медицина дамымаған, адамдар қарызға батып жүр. Соған қарамастан, халық аузынан жырып, салық төлейді, ал осының бәрі қайда кетеді?! Футболға ма?! Пайдасынан зияны көп болса, мұндай жеңістер кімге керек?" - деп жазған спортшы. 

Сондай-ақ, ол бұл спортқа кеткен қаражатты қайтару керегін айтты. 

"Халықтың ақшасын құртпай, өз күшімен жеңгенде ғана футболды сыйлай бастаймын! Қолдан келетінін, ер екендеріңді дәлелдеңдер. Ал былай... Айтпақшы, бұған дейін далаға кеткен ақшаны да қайтару керек!" - деп жазған Хамитов. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Куат Хамитов (@kuat__khamitov)

Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчінде Данияны жеңгенін хабарлаған едік

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек