Алматы тауларында түнде екі қыз адасып кеткен

Алматы тауларында түнде екі қыз адасып кеткен
Фото: ТЖД

Алматы тауларында екі қыз адасып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 тамызда сағат 1:20-да ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне ер адамнан таныстарының тауда жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

"Сағат 2:20-да геолокация бойынша құтқарушылардың жедел тобы өтініш берушілерден Казачка өзенінің шатқалынан адасқан қыздарды тауып алып, аман-есен төменге түсірді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Көк жайлау шатқалында турист құтқарылғаны хабарланған еді. Құтқарушылар тауда жоғалған адамды түнгі сағат үште тапқан болатын. Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова