"Қатты жаңбырдан түсе алмаған". Көк жайлау шатқалында турист құтқарылды

"Қатты жаңбырдан түсе алмаған". Көк жайлау шатқалында турист құтқарылды
Фото: ТЖМ

Алматыда Көк жайлау шатқалынан түсе алмаған турист құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 13 тамызда түнгі сағат 1:15-те ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристі іздеуге тауға шыққан.

"2005 жылы туған жігіт 12 тамызда таңертең Көк жайлау шатқалына кеткен, телефоны өшірулі болған", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар тауда жоғалған адамды түнгі сағат үште тапты. Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова