"Митталда ми көп, бірақ қазаққа сый жоқ". Белгілі журналист "Арселор Миталл" басшысының қызметінен кетуін талап етті

Танымал тележурналист Ерқанат Көпжасар Қарағандыдағы "Арселор Миталл Теміртау" АҚ басшысы Лакшми Митталдың қызметтен кетуін талап етіп, facebook парақшасында жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандықтар қырылып жатса да бұл үшін өлгеннің өтеуі жоқ. Украина шахталарындағы шығын бізден үш есе көп болса да қазақтың қадірі бұл сұмырай үшін нольмен тең. Қанша адам қаза болды?! Бүгін тағы да үшеуі…Обалы кімге сонда?

Митталда ми көп. Бірақ қазаққа сый жоқ. Мұндай тажалдың талтаңдап жүруіне қашанғы жол береміз? Лакшмиды билік лақша шырылдатпаса халық өзі қолға алады, - деп жазды журналист. 

Айта кетейік, 17-тамыз күні Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі "Қазақстан" шахтасынан өрт шығып, 5 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта шахтадағы өрт әлі де сөндіріліп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!