"Қазақстан" шахтасындағы өрт: бір адамның өлімі расталған жоқ

"Қазақстан" шахтасындағы өрт: бір адамның өлімі расталған жоқ
Фото: gov.kz

Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бір жұмысшының қазасы туралы ақпаратты растамады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін шахтадағы конвейердегі өрт салдарынан екі жұмысшының қаза тапқаны хабарланған болатын.

"Анықталған ақпаратқа сәйкес, бір адамның мәйіті табылды (деректердегі дәлсіздік екі жақтан кірген екі жедел-іздестіру бөлімшесінің бір мәйітті табуымен байланысты болған). Қазір марқұмның мәйітін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан" шахтасын өрт шығып, кеншілер эвакуацияланып жатқаны хабарлаған едік.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенгені айтылды. Шахтада 227 адам болған.

Кейінірек өрт шыққан жерден екі кеншінің өлі табылғаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан