Қарағанды ​​облысында шахта өртенді: жаңа деректер айтылды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментіне қарасты "Казахстанская" шахтасында өрт шыққаннан кейін 224 адам жер бетіне шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бес жұмысшыны іздеу жалғасып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, бас ауруы мен жөтелге шағымданған 13 адам оқиға орнында дәрігерлерге жүгінген. Қазіргі уақытта төртеуі ауруханада жатыр: екеуі – Шахтинск қаласының орталық ауруханасында, екеуі – облыстық медицина орталығында.

Еске салайық, "Казахстанская" шахтасындағы апатқа байланысты кеншілер эвакуацияланып жатқаны хабарланған болатын.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Казахстанская" шахтасында конвейер лентасы өртенгені айтылды. Шахтада 227 адам болған. Шахтада конвейер лентасының тұтануына байланысты апатты жою жоспары енгізілген. 

"17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" Көмір департаментіне қарасты "Казахстанская" шахтасындағы (горизонт - 170 м) жұмыс кезінде конвейер лентасы жанды. Апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету кері позицияға ауыстырылды", - деді Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына сілтеме жасап.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!