Астанада футбол қақпасы 10 жастағы баланың үстіне құлап мерт қылды

Астанада мектептің аумағындағы футбол қақпасы балаға құлады. Оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұны Астананың білім басқармасы растады.

"№10 мектептің аумағында футбол қақпасы 10 жастағы баланың үстіне құлады. Оқушы алған жарақатынан көз жұмды", - деп хабарлады ведомство.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Білім басқармасы марқұмның отбасына көңіл айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!