Көз жасына ерік берген ата-аналар мен оқушылар: грант жеңіп алғандар Желіде қуанышын бөлісіп жатыр

Көз жасына ерік берген ата-аналар мен оқушылар: грант жеңіп алғандар Желіде қуанышын бөлісіп жатыр
Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгін білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Әлеуметтік желілерде грант жеңіп алғандар қуанышын бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан алғашында өз есімін таба алмай отырған оқушылар кейін грант ұтып алғанын көріп, қуаныштан жылап жібергені көрінеді.

@2n_n8 #fyp #elbruso #грант2023 ♬ оригинальный звук - та самая Бота?

Ал енді біреулер ұзақ жылдан бері армандаған мамандықтарына түскеніне қуанышты.

@yumeetent #рекомендации #fyp #результатыент2023 #университеты #ент #грант #сду @SDU ♬ оригинальный звук - yeldarkz

Көпшілік бұл қуанышты отбасымен бірге отырып білген.

@syndar_b НАРХОЗ-ФИНАНСЫ ГРАНТ?❤️#ұбт2023? #ент2023 #грант ♬ оригинальный звук - Syndar_B
@rysbekqarlygash Грант?❤️ #грант #түлек2023 #рек #рекомендации ♬ Dusk Till Dawn (feat. Sia) (Radio Edit) - ZAYN

Ал енді бір түлектер соңғы сәтке дейін сене алмағанын айтқан.

@ullwagoy #грант ♬ оригинальный звук - Ulsha

Грант иегерлерінің басым көпшілігі қуанышты жаңалықты көргенде, көз жасына ерік берген.

@mukhitkyzy.a #грант2023 #2023 #казнму #грант #рекомендации ♬ оригинальный звук - аяу?

Ал енді бір түлектердің ата-аналары балаларының жетістігіне қатты қуанған.

@juz40.online Грантқа түскендерді белгіле? #ұбт #грант #грантнәтижелері #результатыгранта ♬ оригинальный звук - ҰБТ | ГРАНТ | МАМАНДЫҚ

Желі қолданушылары грант иегерлерін құттықтап, еңбектері ақталғанын айтқан.

"Жылап қалдым, құтты болсын", "Мен неге жылап отырмын", "Құтты болсын", "Болашақтарыңыз жарқын болсын", "Мені жылаттың", "Жарайсың", "Өзім түскендей қуандым", "- деп жазған олар.

Айта кетейік, ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ҰБТ қорытындысы туралы айтқан еді. Оның сөзінше, 18 мамыр мен 5 шілде аралығында барлығы 304 мың түлек тестілеуге өтініш білдірді. Солардың 76 пайызы қазақша тест тапсырды. 79 пайыз шекті балл алды. Былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға өсті. Сонымен қатар, биыл ҰБТ орташа балы - 70, бұл былтырғы көрсеткіштен 3 балл жоғары.

Құжатты қайда тапсыру керек? Биыл ең көп грант бөлінген мамандықтар айтылды

Еске салайық, бұған дейін биылғы білім гранттарының нәтижесі қашан жарияланатыны белгілі болғаны хабарланған еді. Ал бүгін 2023 жылғы грант нәтижесі жарияланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова