Биылғы білім гранттарының нәтижесі қашан жарияланатыны белгілі болды

Биылғы білім гранттарының нәтижесі қашан жарияланатыны белгілі болды
Фото: gov.kz

Биылғы білім гранттарының нәтижесі қашан жарияланатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Құрметті талапкерлер, ата-аналар! Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы ертең, 5 тамызда сағат 12:00-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады", - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ҰБТ қорытындысы туралы айтқан еді. Оның сөзінше, 18 мамыр мен 5 шілде аралығында барлығы 304 мың түлек тестілеуге өтініш білдірді. Солардың 76 пайызы қазақша тест тапсырды. 79 пайыз шекті балл алды. Былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға өсті. Сонымен қатар, биыл ҰБТ орташа балы - 70, бұл былтырғы көрсеткіштен 3 балл жоғары.

Еске салайық, бұған дейін жоғары оқу орындарына 88 мың грант бөлінгені хабарланған еді. Гранттардың басым бөлігі "Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары" білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны - 18 744 грант.

Құжатты қайда тапсыру керек? Биыл ең көп грант бөлінген мамандықтар айтылды

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова